Бүгін Лекорню префектілерге жекелеген қалаларда коменданттық сағат енгізуді тапсырғанын айтты. Ол шектеулердің ауқымы шағын болатынын атап өтті.
— Елде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздейтін әсіре солшыл қозғалыс бар. Президент сайлауының қашан өтетініне ғана емес, жалпы өткізілуіне де күмән тудыру үшін жұмылдырылуы мүмкін тұтас бір желі бар, — деді Лекорню.
Премьер-министрдің айтуынша, жергілікті коменданттық сағат жаңа тәртіпсіздіктер мен тонау әрекеттерінің алдын алуға бағытталған. Шектеулер нақты қай қалаларда және қанша уақытқа енгізілетіні әзірше белгісіз.
Ал Франция президенті Эмманюэль Макрон 17 қазанда тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға қатысты қатаң шаралар қабылдауға уәде берді.
Париж полициясы 17 қазандағы наразылық акцияларына қатысқан 855 адамды ұстады. Франция полициясы ұсталғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді.