Футболдан бірінші лигада «Елімай» «Тұраннан» төрт ұпайға ұзап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында Семейдің «Елімайы» төртінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейлік клуб сырт алаңда елорданың «Астана-2» командасын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Осылайша қатарынан төртінші мәрте жеңіске жеткен олар турнир кестесінде бірінші орында келеді. Екінші орындағы Түркістанның «Тұранынан» төрт ұпайға ұзап кетті.

Ал алматылық «Жас Қыран» «Ақтөбе-2» командасын 1:0, «Тараз» «Түркістанды» 4:3 есебімен сүріндірді.

Сондай-ақ, 15-турда 20 шілдеде Түркістан облысының «Арысы» өз алаңында елордалық «Жеңіске» 0:2 есебімен жол берді.

Ал Алматының «Қайрат жастары» тағы бір алматылық ұжым «Хан тәңірін» 3:1, Шымкенттің «Қыраны» сол қаланың «Оңтүстік академиясын» 1:0 есебімен жеңді.

Ал Оралдың «Ақжайығы» Павлодар облысының «Екібастұзын» 4:1 есебімен тізе бүктірді.