Футболдан бірінші лигада «Қыран» үздік төртікке жақындады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында шымкенттік «Қыран» алғашқы төрттікке жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан бірінші лигада «Қыран» үздік төртікке жақындады

Аталған клуб 15-турда Шымкенттің «Оңтүстік академиясымен» кездесті. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Осылайша алғашқы төртікке жақындады.

Сондай-ақ, 15-турда Түркістан облысының «Арысы» өз алаңында елордалық «Жеңіске» 0:2 есебімен жол берсе, Алматының «Қайрат жастары» тағы бір алматылық ұжым «Хан тәңірін» 3:1 есебімен жеңді.

Ал Оралдың «Ақжайығы» Павлодар облысының «Екібастұзын» 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді «Астана-2» мен «Елімай» (Семей), «Жас Қыран» (Алматы) мен «Ақтөбе-2», «Тараз» бен «Түркістан» кездеседі.