НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турдағы соңғы екі ойынның бірінде петропавлдық «Қызылжар» мен шымкенттік «Ордабасы» шеберлік байқасты.
Аталған ойында «Қызылжар» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Аталған турды Түркістанда «Тұран» мен алматылық «Қайрат» түйіндеді. Бұл кездесуде түркістандық клуб қарсыласына 1:3 есебімен жол берді.
Еске салсақ, елордалық «Астана» сырт алаңда «Каспийді» 3:0, павлодарлық «Ақсу» «Тараз» командасын 4:3, қарағандылық «Ақжайығын» 2:1 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ, «Тобыл» өз алаңында «Атырауға» 0:2 есебімен жол берсе, «Мақтарал» мен «Ақтөбе» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Енді 20-тур ойындары 14 және 15 қыркүйек күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.