Футболдан ел біріншілігінде «Ақтөбе» тең түсіп, «Тобыл» жеңілді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 19-турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады. Турнир кестесінде екі команда алдыңғы орыннан көрінуге тырысып келеді.

Былтыр чемпиондыққа атаққа ие болған қостанайлық клуб биыл да жүлдегерлер қатарынан көрінуге күш салып отыр. «Атырау» да алдыңғы орыннан көрінуді мақсат тұтады.

Ойын барысында алаң иелері сылбыр қимылымен көзге түсті. Нәтижесінде атыраулық командадан Демир Имери 39, 75-минуттарда мергендік танытты.

Осылайша «Тобыл» өз алаңында қарсыласына 0:2 есебімен жеңілді.

Ал көш басында келе жатқан «Ақтөбе» Түркістанда «Мақтаралмен» шеберлік байқасты. Ойынның 24-минутында ақтөбелік клубтан Руслан Камболов есеп ашса, оған «Мақтарал» сапынан Биллал Себаихи бір голмен жауап қайырды.

Аталған кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Еске салсақ, бұған дейін өз алаңында Оралдың «Ақжайығы» Қарағандының «Шахтеріне» 1:2 есебімен жол берді.

Сондай-ақ, сырт алаңда елордалық «Астана» сырт алаңда «Каспийді», павлодарлық «Ақсу» «Тараз» командасын сүріндірді.

Енді 11 қыркүйекте 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойыны басталса, 20:00-де «Тұран» (Түркістан облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар