Ғаламторда Алматы көшесінде қолына автомат ұстап жүрген адамға қатысты ВИДЕО жарияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ғаламтор желісінде автомобильдердің бірінің видеотіркеуішіне түсірілген видео жарияланды. Онда ер адам қолына автомат ұстап Алматы қаалсының Абай даңғылы бойында кезіп жүрген.

Видеортіркеуіштің уақыты сағат 10:57 көрсеткен.  Жүргізуші видеорегистраторға түсірген жер - бүгін атыс болған орындардың бірі - Абай және Байзақов көшелерінің қиылысындағы ҰҚКД ғимаратының жанында.  

Еске сала кетсек, бүгін  белгісіз біреулер Алматының бірнеше ауданында оқ атқан - қазір қалада ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен және Абай даңғылы қоршауға алынды.
Қарулы қақтығыс нәтижесінде 7 полиция қызметкері ауруханаға түсті. Жедел жәрдем ауруханасы кезекші бөлімінің хабарлауынша, оқ жарақатымен ауруханаға 5 тәртіп сақшысы түскен. Тағы екеуі қаланың өзге ауруханасына түскен. Қалалық ІІД ақпараты бойынша, полиция қызметкерлері арасында көз жұмғандар бар, бірақ нақты саны анықталған жоқ.

Шабуылшылардың бірі құрықталды, тағы бірі - іздеуде. Қалаға «Ұстау» арнайы жоспары енгізілді. Сондай-ақ, террористік қауіптіліктің «қызыл деңгейі» жарияланды. 

Сағат 12:20-да Алматы қаласының аумағында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.