АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласында гандболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
В тобында бұл жолы қазақстандықтар Өзбекстанға тап келді.
Матч бірден тартысты өрбіп, қарсыластар таразы басын теңестіріп отырды. Ойын соңына таман Қазақстан құрамасы әбжіл қимылдап, жеңісті жұлып алды – 32:29.
Осылайша, қазақстандықтар ұпай санын 6-ға жеткізіп, өз тобында көш бастады. Дегенмен чемпионат фавориттерінің бірі – Оңтүстік Корея командасы бүгін бәсекеге қатысқан жоқ. 28 қараша күні Қазақстан дәл осы оңтүстіккореялықтармен кездесіп, В тобындағы мықтыны анықтайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.
Сондай-ақ гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).