Espn.com сайтының хабарлауынша, Геннадий «GGG» Головкин 11-14 маусым күндері Нью-Йорктегі Канастотада өтетін Халықаралық бокс Даңқ залына қабылдау салтанатты шарасына қатысады.
Айта кетерлігі, Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына мүше болған алғашқы қазақстандық кәсіпқой боксшы. Әр жылдары бұл Даңқ залына Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер, Мэнни Пакьяо сынды аңыздар, сондай-ақ Костя Цзю (2011), Виталий Кличко (2018) және Владимир Кличко (2021) енген.
Геннадий Головкин орта салмақта WBA/IBF/WBC нұсқасы бойынша ұзақ жылдар чемпиондық атағын қорғап, бокс жанкүйерлері үшін керемет жекпе-жектер өткізді. Отандасымыз соңғы жекпе-жегін 2022 жылы мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.