Илон Маск Twitter-ді қайта сатып алуды ұсынды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Америкалық кәсіпкер Илон Маскке Twitter-ді бастапқы бағамен сатып алу келісімін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 12 шілдеде Twitter Маскты өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу үшін сотқа жүгінген еді. Сәуір айында Маск әлеуметтік желіні 44 млрд долларға сатып алуды ұсынды. Бірақ шілденің басында заңгерлер компанияны Twitter жалған профильдер туралы сенімді ақпарат бермегендіктен сатып алудан бас тартқанын хабарлады.

Bloomberg ақпаратына сәйкес, қайта басталған келісім алдағы аптада мақұлдануы мүмкін. Бұл жаңалық жарияланғаннан кейін Twitter акциялары бірден 18%-ға қымбаттап, содан кейін сауда тоқтатылды.



Фото: aa.com.tr





Соңғы жаңалықтар