ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндарда сақталған ірі көлемдегі қаражат табылды.
Топтың әрекеттері Қазақстан резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
-Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды,-делінген хабарламада.
сыған дейін Астанаға алаяқтық үшін халықаралық іздеуде жүрген адам жеткізілген болатын.