Иран Израильге шабуыл жасады

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM - Иран баллистикалық зымырандар мен дрондарды қолдана отырып, Израильге жаппай шабуыл жасады, деп хабарлайды IRNA.

ТАСС-тың хабарлауынша, Тегеран Израильдің Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауытына соққы берген. Бұл туралы ирандық телеарна хабарлады.

Иранның Израиль аумағына зымыран шабуылының мақсаты оның негізгі энергетикалық нысандары болды, деп хабарлады Fars агенттігі.

Еске сала кетейік, жұма, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранға жаппай соққы берді. Бұған жауап ретінде Тегеран Израильге қарай жүзден астам дрон ұшырды. Иран Натанзедегі ядролық қондырғының зақымданғанын растады, бірақ радиацияның ағып кеткенін жоққа шығарды.

Иран Израильге зымыран соққыларының жаңа толқынын бастады. Израильдің Төтенше жағдайлар қызметі хабарлағандай, ирандық зымыран атысынан екі адам қаза тапты – шамамен 60 жастағы әйел және 45 жастағы ер адам. Тағы 19 адам жарақат алды, деп хабарлады Израильдің жедел жәрдем қызметі.

Иранның БҰҰ-дағы өкілі Израильдің әуе шабуылы салдарынан 78 адамның қаза тапқанын айтқан болатын. Иранда 320-дан астам адам жарақат алды.

Бұған дейін Иран жоғары шенді әскери қолбасшылар мен жетекші ғалымдардың Израиль соққысы салдарынан қаза тапқанын растады.

Иран Израиль шабуылынан кейін Ормуз бұғазын жабайын деп жатыр.

Иран-АҚШ келіссөздеріне делдал болып жүрген Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди жексенбі күні Маскатта өтуі жоспарланған келіссөз өтпейтінін растады.

Израиль Иранға тағы соққы жасап жатыр.

Еуроодақ Израиль-Иран қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады.

ШЫҰ елдері Израильдің Иранға жасаған әскери шабуылын қатаң айыптады.

Иран президенті Макронға Израиль соққысын тоқтатпайынша АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін айтты.