Исламабадтағы АҚШ-Иран келіссөздері Вэнс пен Шарифтің кездесуінен басталды
АСТАНА. KAZINFORM – Пәкістан астанасында Иран төңірегіндегі жанжалды реттеу бойынша келіссөздер ресми түрде басталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Фото: Пәкістан премьер-министрінің кеңсесі
Пәкістан премьер-министрінің кеңсесі сенбі күні Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф Исламабадта АҚШ вице-президенті Дж.Д.Вэнспен кездесіп, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерді бастады деп хабарлады.
Кездесуге сондай-ақ АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткофф пен Джаред Кушнер, Пәкістан тарапынан Сыртқы істер министрі Исхак Дар мен Ішкі істер министрі Мохсин Накви қатысты.
Бұдан бұрын Шариф парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф пен Сыртқы істер министрі Аббас Арахчи бастаған ирандық делегацияны да қарсы алды.
Біз бұған дейін келіссөздер жанама форматта өтетінін, яғни әр делегацияның бөлек бөлмелерде болатынын, ал пәкістандық медиаторлар өз ұстанымдарын жеткізетінін хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар Al Jazeera дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Пәкістанның АҚШ пен Иранның Пәкістанның қатысуымен тікелей келіссөздерін қамтамасыз ету үшін ең жоғары деңгейде барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын хабарлады.
Осылайша, келіссөздер екі делегация басшыларының қол алысуынан немесе олардың арасында пәкістандық ресми тұлғаның қатысуымен басталады деп күтілген болатын.
Ал, егер мұндай келісімге қол жеткізілмесе, тараптар Пәкістанның арашалауымен жанама келіссөздерге көшеді.
Талқылаулар Иранмен қақтығысты тоқтатуға бағытталған және күні бойы жалғасады деп күтіліп отыр.
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.