Италияның оңтүстігінде болған жер сілкінісінен 26 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның оңтүстігінде магнитудасы 4,7 болған күшті жер сілкінісі салдарынан 26 адам зардап шегіп, жүздеген тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Фото: Reuters

Бұл туралы елдің Азаматтық қорғаныс департаменті мәлімдеді.

Жер сілкінісі салдарынан бірнеше тұрғын үй қирап, басқа да ғимараттарға зақым келді. Шамамен 300 тұрғын үйін тастап шығуға мәжбүр болды. Құтқарушылар мен мамандар зардап шеккен аумақты тексеруді жалғастырып жатыр.

Билік Поццуоли порты мен Кумана теміржол желісінің жұмысына да іркіліс болғанын хабарлады.

Магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі жұма күні Неаполь маңындағы Кампи-Флегрей жанартаулық алқабында тіркелді. Corriere della Sera газетінің мәліметінше, бұл соңғы 40 жылдағы осы өңірдегі ең күшті сейсмикалық оқиғалардың бірі болған.

Материал Kazinform агенттігіне серіктес БЕЛТА агенттігі тарапынан арнайы ұсынылды.

Айта кетейік, бұған дейін Канада жағалауында магнитудасы 5,5 балға жеткен жер сілкінісі болғанын хабарладық.