Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, Израиль әскері күні бойы анклавтың әртүрлі бөліктеріндегі бейбіт тұрғындар паналаған орталықтар мен медициналық мекемелерге соққы жасаған.
2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Израиль Газа секторына соққы жасауды жалғастырып келеді. 2023 жылдың қазан айынан бері Газадағы Израиль әскери операциялары салдарынан қаза тапқандар саны 73 мыңнан асты.
Еске сала кетсек, жуырда Израильдің құқық қорғаумен айналысатын B'Tselem ұйымы басып алынған Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дейр-Джарир палестиналық ауылына заңсыз еврей қоныстанушылары жасаған шабуылды айыптағанын жаздық.
Ал осы айдың басында Кипрде Газа секторын қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары қаралды.