Қарин: «Таза Қазақстан» жаңа деңгейге көтеріледі: тың жобалар әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Президент тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы жаңа идеялармен және тың жобалармен толықтырылады. Бастама аясындағы барлық іс-шараны бірыңғай жүйеге біріктіру көзделген. Бұл туралы Вице-Президент Ерлан Қарин жазды.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов\Kazinform

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа мазмұнмен, жаңа идеялармен, креативті жобалармен толықтыруды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда Президент тапсырмасын іске асыру үшін жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпыұлттық бастаманы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеру мақсатында жаңа жобалар әзірленіп жатыр. Бүгін сол жобалармен кеңінен таныстық. «Таза Қазақстан» аясындағы барлық іс-шаралар мен жобалар өзара үйлестірілетін ортақ жүйеге біріктіріледі, — деді ол.

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқанын айтты.