Қаржы пирамидасына байланысты сотталған блогер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қаржы пирамидасын құру және басқару айыбы бойынша сотталған Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты.
Мейірхан Шерниязов бұл жаңалықпен әлеуметтік желіде бөлісті.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті блогер жазасын толық өтеуіне байланысты босатылғанын мәлімдеді. Ал Мейіржан Төребаев әлі де қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде сот тағайындаған жазасын өтеп жатыр.
Еске салайық, 2022 жылы қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданды.
2023 жылы Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды. Олар ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша кінәлі деп танылды.
Былтыр вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді.
Алайда апелляциялық сот вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Кейін сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыға ауыстырылды.