Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Айта кетейік, 12 қыркүйек күні Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды.
Онда Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздесіп, АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады.
Сондай-ақ Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Тоқаев трансшекаралық инфрақұрылымға төнген қауіп туралы айтты.
Президент БРИКС аясында жасанды интеллект бойынша серіктестік құруды ұсынды.
Президент Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырып, бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті.