Каспий маңы елдері Түркіменстандағы «Аваз» туристік аймағында бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-18 наурыз аралығында Авазда «Каспий теңізі - тұрақты даму және басқару» атты коференция өтеді, оған Түркіменстан, Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Иран елдерінің өкілдері, Халықаралық мұхиттар институтының мамандары, Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері, Түркіменстан президенті жанындағы Каспий теңізінің мәселелері жөніндегі уәкіл, қатысады деп хабарлайды arzuw.tm.

Жиынның мақсаты - Каспий бассейніндегі мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасасуына одан әрі серпін беру, табиғи ортаны қорғау мақсатындағы ынтымақтастық, өңірдің тұрақты дамуы, Каспий аймағындағы кәсіби мекемелердің мамандарының білімі мен біліктілігін арттыру.

Шараны Түркіменстан СІМ мен Мемлекеттік мекемесі, Түркіменстан президенті жанындағы Каспий теңізінің мәселелері жөніндегі уәкіл ұйымдастыруда.