АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кетті. Бұл шешімге құраманың Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында плей-офф сатысынан тыс қалғанынан кейін келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
F тобында сынға түскен Бельгия топтық кезеңде Канаданы 1:0 есебімен жеңіп, одан кейін Мароккоға 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал Хорватиямен кездесуде 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Нәтижесінде небәрі төрт ұпай алған олар өз тобында үшінші орынды місе тұтты. Бұл топтан Марокко және Хорватия 1/8 финалға жолдама алды.
Роберто Мартинес ұлттық құрама тізгінін 2016 жылы ұстады. 2018 жылы оның басшылығымен бельгиялық футболшылар қола жүлдегер атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Мексика құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.
Сондай-ақ, Иран құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.
Фото: Reuters
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.