АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Нидерланд құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо өз елінің рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
К.Гакпо әлем чемпионатының бастапқы үш матчында гол соққан алғашқы нидерландылық ойыншы атанды.
Коди Гакпо Сенегалмен, Эквадормен және Қатармен өткен кездесулерде есеп ашты. Сөйтіп өз командасының А тобынан бірінші орынмен плей-офқа шығуына сүбелі үлесін қосты.
Сонымен қатар Гакпо Нидерланд құрамасының тарихында дүниежүзілік біріншілікте қатарынан үш ойында гол соққан төртінші футболшы болды. Бұдан бұрын мұндай табысқа Йохан Нескенс (1974), Деннис Бергкамп (1994) және Уэсли Снейдер (2010) жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Швейцарияны ұтқан Бразилияның плей-офф кезеңіне жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бір матчта екі гол соққан оңтүстіккореялық футболшы рекорд орнатты.
Португалия Франция мен Бразилиядан кейін плей-офф кезеңіне шықты.
А тобынан Нидерланд бірінші орынмен плей-офф сатысына шықты.
Эквадорды жолдан тайдырған Сенегал плей-офқа шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).