Ерлер арасында 66 келі салмақта жарыс жолына шыққан қандасымыз Қадірбек Ёлка қарсылас шақ келтірмей, Азиада чемпионы атанды.
Айта кетерлігі, моңғолиялық спортшы ширек финалда қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевты қапы қалдырған болатын.
Ақтық сында қандасымыз өзбекстандық Нутфуллоев Абдурахимды жеңіп, алтын медаль еншіледі.
Қадырбек Ёлка 2000 жылы Моңғолияның солтүстігінде Дархан деген жерде дүниеге келген. Спортшы алғашқы халықаралық додадағы жүлдесін 2025 жылғы әлем чемпионатында еншілеп, қола медаль қанжығалаған.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Әбиба Әбужақынова әйелдер арасында 48 келі салмақта күміс жүлде жеңіп алды.
Сонымен қатар ерлер арасында 60 келі салмақта финалда өнер көрсеткен Елдос Сметов Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.
Ғұсман Қырғызбаев пен Меруерт Сәрсенова қола жүлде үшін белдесуде жеңіліп қалды.