Қазақстан Американың бизнес капитандарымен бірқатар келісімге қол жеткізді – Ерлан Қарин
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Тelegram парақшасында жазба жариялап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары табысты өтіп жатқанын айтты.
– Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарында құны шамамен 15 млрд долларға тең 70 келісімге қол қойылды. Президенттің осы жолғы АҚШ сапары да айтарлықтай табысты өтіп жатыр. Американың бизнес капитандарымен болашағы зор бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Әңгіме Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялар жайында болып отыр. Мәселен, Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларды құрайтын келісім жасалды. Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп жазды Ерлан Қарин.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды.
Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті.
Президент Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі.