Қазақстан қалаларының Жаңа жыл алдындағы көрінісі — фоторепортаж

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл біраз өңір Жаңа жылға дайындыққа желтоқсанның басында кірісті. Қала, аудан, ауылдарда мұз қалашықтар салынып, шырша орнатылып, орталық алаңнан бастап әдемілеп безендірілді.

Елорданың аудандық әкімдіктері қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 млн теңге бөлді. 

Астананың барлық ауданында шырша орнатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас шыршаның биіктігі 25 метрге жетеді.

Айта кетейік, Астанада жаңажылдық отшашу болады. 

Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Биыл Алматы әкімдігі жаңажылдық безендіруге 800 млн теңге жұмсады. 

Фото: Александр Павский / Kazinform

Қаладағы 8 ауданның әрқайсысында Аяз Ата мен ертегі кейіпкерлерінің шеруі, жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен ойындар ұйымдастырылады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Жаңа жыл қарсаңында Алматыда қоғамдық көліктер мерекеге сай безендірілді. 

Қала көшелерінде мерекелік тақырыпта безендірілген 100 автобус пен 50 троллейбус жүре бастады. 

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Сонымен қатар Алматы метросында Жаңа жыл атмосферасын ерекше сезінуге болады. Жаңа жыл қарсаңында метро бекеттері мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді.

Еліміздің үшінші мегаполис қаласы Шымкентте жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсалды. 

Фото: Kazinform

— Қаражат қаланың бес ауданы арасында теңдей бөлініп, әр аудан мерекелік безендіруді ұйымдастыру үшін шамамен 16 миллион теңге алады, — деді Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Фото: Kazinform

Сонымен қатар, әкім Шымкентті безендіру үшін былтырғы жаңа жылдық шыршалар мен басқа да декорациялар пайдаланылатынын атап өтті, бұл қаражатты үнемдеуге, шығындарды азайтуға, сонымен қатар қала тұрғындары үшін мереке атмосферасын сақтауға мүмкіндік береді.

Петропавлда биыл 8 мұз қалашығы салынатыны айтылды. Жаңа жыл мерекесіне орай көшелер де безендірілмек. Облыс орталығын безендіруге 13,5 млн теңге жұмсалады. 

Фото: Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биыл өткен жылға қарағанда мұз қалашықтарының саны біреуге артық болмақ. Мейрамның символы — 30 метрлік былтырғы шырша бас алаңға орнатылады.

Фото: Kazinform

Бұдан бөлек орталық алаң, Пестрое көлінің жаны, Жеңіс саябағы, сапаржай, «Береке» шағын ауданы, Н. Назарбаев және Г. Жуков көшелерінің қиылысы жанындағы алаң безендіріледі.

Фото: Kazinform

Айта кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында жаңа жыл мейрамына үйлерін безендірген тұрғындар көпшілікті таңғалдырды.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Семей әкімдігі жаңа жыл шыршасы мен түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға 30 млн теңге жұмсалатынын хабарлады.  

Түркістанда жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қарастырылмайтыны мәлімделді.  Түркістан қаласында биыл үш жерге шырша орнатылады. Бұл іске бюджеттен бір тиында бөлінбейді. Бар шығынды демеушілер көтермек.

Фото: Kazinform

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл Түркістан қаласында жаңа жылдық шырша керуен-сарай кешені аумағына және Жеңіс саябағына қойылады. Ал, әкімшілік-іскерлік орталыққа бас шырша орнатылады. 

Фото: Kazinform

Еске сала кетсек, былтыр да Түркістан қаласында жаңа жылдық безендіруге бюджеттен қаржы қаралмаған болатын. 

Ақтау қаласында биыл жаңажылдық безендіру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурстық іс-шаралары негізінде жеке кәсіпкер «Aktau Print» мердігер мекемесі жеңіп алған. Келісімшарт сомасы — 76 млн теңге.

Фото: Kazinform

Биыл шырша теңіз жағалауындағы «Амфитеатр» алаңына және 19 А шағын аудандағы Әбіш Кекілбаев мұражайының алдына тігіледі. 

Талдықорған қаласының әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 36 млн теңгеге жуық қаражат бөлген. 

Фото: Kazinform

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласына биыл жаңа шыршалар алынбайды. Есесіне қолданыста бар 3 шыршаға ілінетін шамдар (купол) мен барлық безендіру жұмысына 19 129 230 теңге бөлінген.

Фото: Kazinform

Жаңажылдық жаңа шағын сәулет нысандарын жасатуға 12 124 000 теңге бөлінді. Былтырдан қалған 30 данасын қалпына келтірді. Оның сомасы 4 707 111 теңгеге шықты.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Безендіру орталық алаңнан бөлек, «Жастар» саябағы мен «Береке» коттедж қалашығына, қала маңындағы Өтенай мен Еркін ауылдық округтеріне де жүргізіледі. 

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында да Жаңа жыл мерекесіне орай қаланы безендіруге қаржы бөлінбейтін болды. Биыл да бұрған дейінгі шыршалар мен әшекейлерді пайдаланады.

Фото: Kazinform

Бас шыршаны жағу рәсімі, балаларға арналған «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» және есту қабілеті шектеулі балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жылы!», оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға «Жаңа жыл келді» атты шара өтеді 

Фото: Kazinform

Қарағанды да жаңажылдық безендіруге ескі және бірнеше жаңартылған декорациялар да пайдаланылады. Тәуелсіздік алаңында биіктігі 20 метр болатын басты шырша орнатылды, сондай-ақ жасыл арулар Жеңіс алаңына және С. Сейфуллин атындағы театрдың алдына қойылады. Шыршалардың барлығы былтырғы жылғы.

Фото: Kazinform

Сонымен қатар Қарағандыда 7 мұз айдыны орнатылады, олардың жалпы ауданы шамамен 12 мың шаршы метрді құрайды. Мұз айдындары сызықтық және стандартты болады. Олар мерекелік шамдармен безендіріледі.

Фото: Kazinform

Қостанай әкімдігі жаңа жылдық безендіруге шамамен 87 млн теңге жұмсады. Ол қаржыға мұз қалашығын салу, кіші архитектуралық пішіндер орнату, сондай-ақ оларды ұстау және бөлшектеу бойынша жұмыстар 2025 жылы орындалатын болады.

Фото: Kazinform

Безендіру жұмыстары 1 желтоқсанда басталып, 25 желтоқсанда аяқталды. Жаңажылдық әшекейлер 2025 жылдың қаңтарында бөлшектеледі. 

Дәстүр бйынша қала тұрғындарын биыл Аяз ата, Ақшақар, жыл рәміздері, мұз қоршауында шанасы бар бұғыларды жарықтандыру және жарықтандырылған фото-аймақ бар мұз қалашығы қуантады. 

Фото: Kazinform

Биыл Атырау қаласының 5 орталық алаңы мен көшелеріне жаңа жылдық шыршалар орнату жоспарланды. Қаланы безендіру жұмыстарына 66,9 млн теңге бөлінді. Атыраудың 5 орталық алаңдары мен көшелерінде 18 метрлік шыршалар орнатылды. 

Фото: Kazinform

Ал Көкшетауда Жаңа жылды мерекелеуге 51 млн теңге бөлінді. 

Фото: Kazinform

Көкшетау әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Абылай хан алаңындағы мұз қалашығы болмақ. Мұнда, әдеттегідей, биіктігі 22 метр болатын негізгі шырша орнатылады.

Фото: Kazinform

Еске сала кетсек, былтыр Көкшетаудың шыршасын жел ұшырып алып кете жаздаған еді. 

Сонымен қатар, қала тұрғындарына үлкен металл слайд және кем дегенде 12 мұз композициясы уәде етілген, ал алаңда орта және екі шағын мұз слайдтары орналасады.

Фото: Kazinform

Биыл Қызылорда қаласында Жаңа жыл шыршасын орнатуға ешқандай қаржы бөлінген жоқ. Оған өткен жылы пайдаланылған жасанды шырша қойылады.

Фото: Kazinform
Фото: Kazinform