АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атырау» футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнирдің тағы бір кездесуінде «Атырау» мен «Ақтөбе» шеберлік байқасты.
Екі команда арасындағы алғашқы ойында 2:2 есебі тіркелген еді.
Бүгінгі ойында ойынның негізгі кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталмады. Ал пенальти сериясында 9:8 есебімен «Атырау» жеңіске жетіп, ширек финалға үшінші жолдамаға қол жеткізді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Шахтер» мен «Қызылжар» ширек финалға жолдама алды.
Дәл қазір «Ордабасы» мен «Мақтарал» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге 1:0 есебімен Түркістан облысының командасы алда келеді.
Ал 30 сәуірде «Ақсу» мен «Тобыл», «Тұран» мен «Каспий», «Ақжайық» пен «Қайрат», «Қайсар» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.