Қазақстан кубогында «Қызылжар» «Жетісуды» орта жолда қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавлдың «Қызылжары» футболдан Қазақстан кубогы ширек финалының екінші жолдамасына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың аталған сатысындағы екінші ойын талдықорғандық «Жетісу» (Талдықорған) мен петропавлдық «Қызылжар» командалары арасында өтті.
Алғашқы кездесуде петропавлдық клуб 3:0 есебімен басым түсті.
Қарымта ойында командалар бір-бірінің қақпасына гол соғуға тырысты. Дегенмен қақпа құлпы ашылған жоқ. Командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Екі ойынның нәтижесімен «Қызылжар» ширек финалға жолдама алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Шахтер» ширек финалға жолдама алды.
Енді 29 сәуірде «Ордабасы» мен «Мақтарал», «Атырау» - «Ақтөбе» шеберлік байқасады.
Ал 30 сәуірде «Ақсу» мен «Тобыл», «Тұран» мен «Каспий», «Ақжайық» пен «Қайрат», «Қайсар» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.