Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалында қарымта ойындар өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалының қарымта ойындары өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалында қарымта ойындар өткізіледі

Қарымта ойындар 29 және 30 сәуір күндеріне белгіленген. Жарыстың аталған сатысында командалар екі ойыннан өткізеді. Әрбір жұптан жеңімпаз атанған клубтар 1/4 финалға жолдама алады.

Қазақстан кубогы. 1/8 финал. Қарымта кездесу.

29 сәуір

13:00. «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Шахтер» (Қарағанды) (бірінші ойын 0:1)

15:00. «Жетісу» (Талдықорған) - «Қызылжар» (Петропавл) (0:3)

17:00. «Ордабасы» (Шымкент) - «Мақтарал» (Түркістан облысы) (2:1)

19:00. «Атырау» - «Ақтөбе» (2:2)

30 сәуір

14:00. «Ақсу» (Павлодар облысы) - «Тобыл» (Қостанай) (0:2)

16:00. «Тұран» (Түркістан) - «Каспий» (Ақтау) (1:0)

18:00. «Ақжайық» (Орал) - «Қайрат» (Алматы) (1:2)

20:00. «Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» (1:5)

Барлық қарымта ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде өткізіледі.

Ал 17 мамыр мен 7 маусым күндері 1/4 финал ойналса, 28 маусым мен 8 шілдеде жартылай финал болады.

Финал 4 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр.