Әйелдер арасындағы жұптық сайыста (U19) Алиса Кулешова мен Диана Наменова қола медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, ширек финалда қазақстандық жұп Түркия өкілдері Гүлсү Демирбелек пен Элиф Наз Сискиноглудан басым түсті. Ал жартылай финалда Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге (Түркия) есе жіберіп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнирінде тағы екі медаль жеңіп алды.
Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 115-орынға көтерілді.