«Қазіргі уақытта біздің азаматтар Қырғызстанға ID-картамен (жеке куәлік — авт.) еркін бара алады. Енді осындай тәртіпті Қазақстан және Тәжікстанмен шекараларда енгізу жоспарланып отыр», — деді Шавкат Мирзиёев.
Өзбекстан басшысы атап өткендей, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайту, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету сыртқы саясаттың басым бағыты болып қала бермек.
«Келесі жылы елімізде өтетін „Орталық Азия бестігінің“ кездесуі осы байланыстарды нығайтуға бағытталған үлкен қадам болмақ», — деп тоқталды Өзбекстан президенті.
Еске салсақ, кеше Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті. Бүгін Шавкат Мирзиёев жаңа премьер-министрдің кандидатурасын депутаттарға ұсынып жатыр.
Олий Мажлис депутаттары сайланғаннан кейін премьер-министр мен министрлер жаңа сайланған парламент алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Тиісінше бұл қалыпты процедура жаңа депутаттардың көмегімен үкімет құрамын жасақтауға бағытталған.