Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Министрлер Кабинеті жаңа сайланған Олий Мажлис алдында өз өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

 Өзбекстанның Министрлер Кабинеті
Фото: Өзбекстанның Министрлер Кабинеті

Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов мәлім еткендей, үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін қазіргі Министрлер Кабинетінің мүшелері жұмысын жалғастыра береді.

Айта кетейік, Олий Мажлис депутаттары сайланғаннан кейін премьер-министр мен министрлер жаңа сайланған парламент алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Тиісінше бұл қалыпты процедура жаңа депутаттардың көмегімен үкімет құрамын жасақтауға бағытталған.

Еске салсақ, бұған дейін Келер жылы Өзбекстан үкіметі халықты әлеуметтік қорғауға 39 млн доллар бағыттайтыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар