«Мәскеуден (РФ) Бішкекке (Қырғызстан) бағыт алған «ДАФ» маркілі автокөлікті инспекциялық-тексеріс құрылғысы мен талшықты-оптикалық эндоскопты қолдана отырып тексеру барысында «үй жиһаздары» негізгі жүгінің астына жасырылған 19 200 дана (80 қорапта 240 орама) «Зиннат» (ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер) дәрісі анықталды. Өткізілмек болған жүктің рұқсат құжаты болмай шықты. Дәрі-дәрмектің құны 36 384 000 теңге», делінген хабарламада.
Шекарашылардың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы дәріні заңсыз алып өтуге қатысты дерек бұған дейін де тіркелген.
Ұсталған жүк Ақтөбе облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.