Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, құжаттық мұраларды сақтау, цифрландыру және ғылыми зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шара аясында делегация мүшелері ҚР Ұлттық архивінің қор сақтау, қолжазбаларды реставрациялау, цифрландыру сынды қызметтерімен танысты.
Бұған дейін хабарланғандай Мәдениет және ақпарат министрлігі «Батырларға тағзым» порталы «е-Архив» жүйесімен интеграцияланатынын мәлім етті.