Министрдің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша металлургияда өндіріс көлемі 97,3 пайыз болған.
– Сала кәсіпорындарында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және кен сапасының төмендеуі сияқты бірқатар фактордың әсерінен өндіріс көлемінде төмендеу байқалып отыр, – деді Ерсайын Нағаспаев.
Соған қарамастан, саладағы көрсеткіш бес айда 1,8 пайызға артқан. Министр бұл өсім кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету бағытында қабылданған шаралардың нәтижесі екенін атап өтті.
- Атап айтқанда, отандық өндірушілердің металлургия кәсіпорындарына мыс, мырыш және құрамында алтыны бар шикізат жеткізу көлемі ұлғайды. Сонымен қатар мырыш концентратын жеткізу қайта жанданып, Ауғанстан мен Қырғызстаннан шикізат импорттау жөнінде келісім жасалды, - деді ол.
Айта кетейік, бірінші жарты жылдықта өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға өсті.