Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысы өткенін жазған едік.
Сондай-ақ аталған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сенімді серіктес ретінде түрік инвесторларын қолдауға әрқашан дайын екенін айтты.
Одан бөлек Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысында туризм саласындағы оң үрдісті қолдау, сан қырлы екіжақты байланыстарды ілгерілету үшін Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылданды.