«Қазақстан» шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – «Қазақстан» шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіріп жатыр.

Шахтадағы температура – 45 С°.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

Шахтаның астында қалып қойған бесінші кеншінің денесі табылды.

18 тамыздағы жағдай бойынша медицина мекемелерінде өрттен зардап шеккен 11 кенші ем қабылдап жатты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім еткендей, «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.