Министрдің айтуынша, бүгінде жұмыс берушілер кәсіби біліммен бірге коммуникативтілік, сыни ойлау, бейімделу және цифрлық сауаттылық дағдыларына басымдық беріп отыр.
– Жаһандық таланттардың бәсекеге қабілеттілігі индексі (ГИК) бойынша Қазақстанның көрсеткіштері жақсарды. Кәсіптік және техникалық дағдылар бойынша 122-орыннан 83-орынға көтеріліп, өз позициясын 39 сатыға жақсартты, – деді Ж. Сүлейменова Үкімет отырысында.
Әлемдегі технологиялық өзгерістер де мамандықтар құрылымына әсер етпей қоймайды.
– 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады, 100-ге жуық мамандық трансформацияланады, 125 мамандық бойынша сұраныс төмендейді. Осы үрдістер ТжКБ жүйесін еңбек нарығындағы және технологиялық өзгерістерге алдын ала бейімдеуді талап етеді, – деді Ж. Сүлейменова.
Бұған дейін Ж. Сүлейменова Қазақстан колледждерінен 32 мамандық алынып тасталуы мүмкін екенін айтқан еді.
Олардың орнына 20 жаңа мамандық пайда болады.
Ал 2035 жылы 1,8 млн жұмысшы маманға сұраныс болады.