НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатына Азия/Тынық мұхит аймағынан іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар D тобында алғашқы матчында Непал құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Сәтима Төреген Адия Подиалға бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0, 6:0.
Ариана Гогулина Сунира Тапаға еш мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:1, 6:1.
Жұптық сында Ева Корышева мен Сәтима Төреген де қарсыластарын бет қаратпай жеңді - 6:1, 6:0.
Ертең қазақстандық жасөспірімдер Иран құрамасымен ойнайды. Бүгін ирандықтар Өзбекстанға 1:2 есебімен жол берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталғанын, қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).