13:17, 18 Сәуір 2022 | GMT +5
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында World Junior Tennis Competition 14&under Азия/Тынық мұхит аймағы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан, Иран және Непал құрамаларымен сынға түседі.
Іріктеу турнирі 18-23 сәуір аралығында өтеді. Беделді командалық жарыста ел намысын Ева Корышева (Ақтөбе), Ариана Гогулина (Нұр-Сұлтан) және Сәтима Төреген (Алматы) қорғайды.
Команда капитаны – Мұқам Ерматов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қазақстан теннисшілерінің тарихи жеңіске жеткені туралы айтқанын, қазақстандық теннисшінің Таиландтағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.