Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің чемпионы атанды

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Г.Айнитдинова ресейлік Мария Тимофеевамен бірге төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалда жапониялық Момоко Кобори – таиландтық Луксика Кумхуммен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда жапониялық-таиландтық жұп 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде Айнитдинова мен Тимофеева есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:4.
Г.Айнитдинова осы додада жекелей сында ширек финалға дейін жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шыққанын, Қазақстан – Германия матчының мәреге жеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина қазақстандықтардың кубог финалына шығуына қатысты пікір білдіре келе, бұл теннисшілеріміздің тарихи жеңісі екенін айтты.