Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик екінші апта бойы көрсеткішін жақсартып келеді. Қазіргі кезде ол 36-дан 33-орынға көтерілді.
Дмитрий Попко 173-тен 171-ге, Тимофей Скатов 193-тен 191-ге жайғасса, Михаил Кукушкин 162-ден 167-ге сырғыды. Денис Евсеев 347-інші, Бейбіт Жукаев 512-орында қалды.
Жұптық сында Андрей Голубев 26-ыншы, Александр Недовесов 62-сатыда тұрса, Григорий Ломакин 242-сатыға жоғарылады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғыша 19-орында. Ал Юлия Путинцева 52-ден 51-ге, Зарина Дияс 113-тен 112-ге көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 20-сыншы, Жібек Құламбаева 301-інші, Гөзал Айнитдинова 498-сатыда келеді.
Қазақстандық теннисшілер осы аптадағы турнирлерде сәтті өнер көрсетсе, өз рейтингілерін жақсартары анық.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Қазақстан теннисшілерінің тарихи жеңіске жеткені туралы айтқанын, қазақстандық теннисшінің Таиландтағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды.