АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина биылғы Аустралия ашық чемпионатының қорытындысы бойынша эйс саны жөнінен үздік атанды.
Аталмыш «Үлкен дулыға» турнирінде жеңімпаз атанған қазақстандық теннисші барлығы 47 эйс жасап, басқалардан оқ бойы озып кетті. Екінші орындағы Арина Соболенконың еншісінде 27 эйс қана бар.
Аустралия чемпионатында эйс саны жөнінен ТОП-5-ке кірген теннисшілер:
1. Елена Рыбакина (Қазақстан) — 47.
2. Арина Соболенко (Беларусь) — 27.
3. Ван Синьюй (Қытай) — 27.
4. Линда Носкова (Чехия) — 24.
5. Алисия Паркс (АҚШ) — 23.
Ерлер арасында әлемнің 4-ракеткасы, германиялық Александр Зверев көш бастады.
ТОП-5:
1. Александр Зверев (Германия) — 97.
2. Янник Синнер (Италия) — 91.
3. Тейлор Фриц (АҚШ) — 79.
4. Бен Шелтон (АҚШ) — 71.
5. Райлли Опелка (АҚШ) — 60.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының әлемдік рейтингіде ТОП-10-ға кіргенін жазған едік.
Сондай-ақ Дэвис кубогында Қазақстан мен Монако құрамында кімдер ойнайтыны хабарланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).