Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындауларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан аптада бірқатар маңызды кадрлық ауыс-түйістер орын алды. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бұл аптада Қазақстанда болған кадрлық тағайындауларға шолу ұсынады.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңЖарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды.

«ТимурМұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысыныңорынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентініңкөмекшісі қызметінен босатылсын», -делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

***

Осы аптада Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі– ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісіболып тағайындалды.

Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған. 2000жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттықаграрлық университетін бітірген. 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпаратжәне қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2004жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдаужәне қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясатдепартаментінің директоры. 2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясатбасқармасының бастығы. 2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2014жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкісаясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

***

Бұл аптаның басында Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады.

СатыбалдыЕресұлы Бұршақов Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісіқызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті ӘкімшілігініңСыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

АйдынЖеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы ПрезидентіӘкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі қызметінетағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялықәзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

***

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңӨкімімен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы тағайындалды.

«ТалғатБегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталықкоммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директорықызметіне тағайындалды», делінген құжатта.

Т. Қалиев «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығыныңдиректоры, саяси ғылымдар кандидаты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамынаенген.

***

Аптаның ортасында Нұр-Сұлтан қалалық сотыныңазаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қуанышбай Әлжіков елорданыңқалалық, аудандық және оған теңестірілген соттарының жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Атап айтқанда, ҚР Президентінің 2019 жылғы 17шілдедегі Жарлығымен Ақмарал КөшербаеваНұр-Сұлтан қалалық сотына, МөлдірӘсембаева Алматы аудандық сотына, АрманТөлеубаев Есіл аудандық сотына, ИбрагимӘлкенов №2 Сарыарқа аудандық сотына, АлуаБайболатова мен Мейрамбек Ибрашевмамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына, Виктория Семенова қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылғанауданаралық сотына судья болып тағайындалды.

***

Ақмола облыстық сотының төрағасы ДосжанӘміров облыстық соттың пленарлық отырысында ҚР Президентінің Жарлығыментағайындалған Ақмола облысы сот төрағалары мен судьяларын таныстырды.

Президенттің 17 шілдедегі Жарлығымен Даулетияр Машрапов Жарқайың аудандықсоты судьясы лауазымынан босатылып, Астрахан аудандық сотының төрағасықызметіне, Гүлмира Анарбекова Біржансал аудандық аудандық сотының төрағасы қызметіне, Айнагүл Аймурзинова Көкшетау қалалық сотының судьясы лауазымынанбосатыла отырып, Ақмола облыстық сотының судьясы қызметіне, Торқалы Бектұрсынов СҚО Айыртауаудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, қылмыстық істер бойыншамамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

***

Үкімет басшысының Өкімімен Ержан Жиенбаев ҚР Премьер-МинистріКеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Ержан Нұрланұлы 1981 жылы Алматы қаласындадүниеге келген. 2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде еңбек еткен. 2005жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Ағасарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-МинистріКеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2012–2013жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіпбөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап соңғы тағайындалуға шейінҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

***

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ахметжан Әбдіжәмілұлы Пірімқұлов ҚР экология, геология және табиғиресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ахметжан Пірімқұлов 1979 жылы Жамбылоблысында дүниеге келген. 2000 жылы «экономист» мамандығы бойынша М.Х. Дулатиатындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2003 жылы «заңгер» мамандығы бойыншаҚазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидатығылыми дәрежесі бар. Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысының прокуратура маманыретінде бастады, сот жүйесінде жұмыс істеген. 2012–2016 жылдары ҚР Қоршағанортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасыныңорынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу, бақылау жәнемемлекеттік инспекция комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғымаусымнан 2017 жылғы қараша аралығында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағыбақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2017 жылғы қарашадан бастапқазіргі уақытқа дейін ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетініңтөрағасы қызметін атқарды.

***

Өтіп бара жатқан осы аптада ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменттерінің басшылары бекітілді.

Сонымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл агенттігі аппаратының жетекшісі қызметіне Қуаныш Жапақов тағайындалды. Ол осыған дейін түрлі мемлекеттікоргандарда басшылық қызметтерді атқарды.

Ал Алдын алу департаментіне басшы ретінде Анар Жарова бекітілді. Ол 20 жылданастам уақыт бойы құқық қорғау органдарында қызмет етуде.

Бұдан бөлек, Серіктестік департаментіне Лейла Йылдыз, Парасаттылықдепартаментіне Данияр Сабирбаевбасшылық етеді. Д. Сабирбаев осы уақытқа дейін агенттіктің жемқорлыққа қарсысаясат департаментінің директоры лауазымын атқарды.

Мұнымен қоса, Стратегия және жедел басқарудепартаментін Есқали Саламатов басқарды.Ол ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті.

Кадрлық жұмыс департаменті басшысы ретінде Нұрлан Жақсымбетов бекітілді. Өзіндікқауіпсіздік департаментіне МұратҚарымсақов жетекшілік етеді.

Сонымен қатар, бұл аптада ҚР Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлер бойынша департамент басшылары тағайындалды.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойыншадепартамент басшысы болып НұрланСұлтанұлы Қыдырбаев тағайындалды.

Алматы қаласы бойынша департаментініңбасшылығына Қайрат Имәтұлы Сөнтаев, Шымкентқаласы бойынша департаментінің басшылығына АсхатЖұмағалиұлы Жұмағали келді.

Атап айтқанда, агенттіктің Ақмола облысыбойынша департаментінің басшысы лауазымына МұратАхтанұлы Төлеубаев, Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысылауазымына Мирлан Бегежанұлы Мұхамбетов,Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Данияр Мұханұлы Тұрғанбаев тағайындалды.

Бұдан бөлек, агенттіктің Атырау облысыбойынша департаментіне НығмеджанМұхамеджанұлы Сапаров, Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне Ерлан Нағашбайұлы Жалмағамбет, Жамбылоблысы бойынша департаментіне ӘділханХасымханұлы Аширбаев, Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев, Қарағандыоблысы бойынша департаментіне ДенисВладимирович Шакенов, Қостанай облысы бойынша департаментіне Қуаныш Базарұлы Бекбасов, Қызылордаоблысы бойынша департаментіне АрдақЖайдақұлы Ерсейтов бекітілді.

Мұнымен қоса, Маңғыстау облысы бойыншадепартаментіне Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаев,Павлодар облысы бойынша департаментке АйдарНұрманұлы Тастеміров, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментке Ернар Ерболұлы Баянғазин, Түркістаноблысы бойынша департаментке ХакимДүйсешұлы Көшқалиев тағайындалды.

***

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойыншаҚызылорда облысы әкімінің облыс әкімінің өкімімен Бахыт Дүйсенұлы Жаханов мен МаратНұрсайынұлы Делмұханов облыс әкімінің орынбасары қызметтеріне тағайындалды.

Б.Жаханов 1974 жылы туған. Ы. Жақаев атындағы Қызылордаполитехникалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментініңжетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда облысының экономика, табиғиресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ білім басқармаларындажауапты қызметтер атқарған. 2011-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімініңорынбасары, Қазалы ауданының әкімі болды. 2015 жылдың маусым айынан бастап осыкезге дейін Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметінатқарып келді.

М.Делмұханов 1979 жылы дүниеге келген. М. Өтемісоватындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «бухгалтер-экономист» және«заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстаноблысының экономика басқармасының бас маманы ретінде бастаған. 2002-2010жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау-эксперттік бөлімінің басмаманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, БатысҚазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Технопарк «Алгоритм»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, 2010-2013 жылдары Маңғыстауоблысы әкімі аппаратында қызмет атқарып, одан кейін Маңғыстау облысы әкіміаппараты басшысының орынбасары болды.

Ал 2013-2017 жылдары Қызылорда облысы әкіміаппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2017жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Кызылорда облысы әкімі аппаратыныңбасшысы лауазымында еңбек етті.

***

Осы аптада Ақтөбе қаласының әкімі МаврАбдуллин екі орынбасарын активке таныстырды. Қаржы және тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық саласына жауапты болып ЖангелдіЕлеусізұлы Әубәкіров және ГүлназСағынқызы Сисенова тағайындалды.

ЖангелдіӘубәкіров 1979 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-менеджербіліктілігі бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер біліктілігібойынша аяқтаған. Осы лауазымға тағайындалғанғадейін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

ГүлназСисенова күні бүгінге дейін Ақтөбе облысы қаржыбасқармасының басшысы болды. Ол да Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттікуниверситетін экономист-қаржыгер біліктілігі бойынша аяқтаған.

***

Аптаның соңында СҚО әкiмiнiң өкiмiмен Алтынбек Тағайбекұлы Абдуллаев Есiл ауданыныңәкiмi болып тағайындалды. Ол осыған дейін ветеринария басқармасы басшысықызметін атқарды. 1962 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Еңбек жолынКөкшетау облысы Чистополье ауылында бастаған. Кеңшарда мал дәрігері, бас малдәрігері болып жұмыс істеген. Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратбасшысы, Мәмлүт, Қызылжар аудандары әкімдерінің орынбасары болған. 2012-2018жылдары ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары ретінде еңбек етті.

***

Аптаның соңында Зулфухар Жолдасов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарминистрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы болыптағайындалды.

Зулфухар Сансызбайұлы Жолдасов, 1976 жылғы 16маусымда туған. Білімі жоғары - 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін«Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өзінің еңбек жолын 1999 жылы«Құнарлы» АҚ заңгер қызметінен бастаған. 1999 жылдың маусымы мен 2000 жылдыңмамыры аралығында ҚР ҚК қатарында шұғыл әскери қызметін өтеген.

2015 жылғы желтоқсанынан бүгінгі күнге дейінЭкологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымынатқарып келді.

***

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарминистрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасы болып Арман Тұрлыбек тағайындалды

Арман Алашұлы 1971 жылы 6 мамырда дүниегекелген ұлты қазақ. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын«тауартанушы-комменсант» мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақстан – Ресейуниверситетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы «экономика» мамандығыбойынша бітірді. 2014 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін«электрэнергетик» мамандығы бойынша бітірді.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2019 жылдыңақпан аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2019 жылдың ақпанайынан бастап 2019 жылғы шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарылауазымын атқарды.

***

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарышөнеркәсібі министрінің бұйрығымен Телекоммуникациялар комитетінің төрағасылауазымына Виталий Владимирович Ярошенко, Аэроғарыш комитетінің төрағасылауазымына Баубек Жеткергенұлы Оралмағамбетов тағайындалды.

ВиталийЯрошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлықуниверситетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Көкшетау экономика жәнеменеджмент институтын тәмамдаған. 2003 жылдан бастап байланыс саласынажетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріндежұмыс істеді.

2017–2019 жылдары — ҚР Ақпарат жәнекоммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасыныңорынбасары.


БаубекОралмағамбетов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.Мәскеу авиация институтын бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы М.В. Хруничеватындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструкторболып бастаған. 2010–2012 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескенкәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы болды.

2016–2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарышөнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарған.2017 жылғы мамырдан бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігініңАэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

***

ҚР Мәдениет және спорт министрі АқтотыРайымқұлованың бұйрығымен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» коммерциялық емесакционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Гүлнәр Сәрсенова тағайындалды.

Гүлнәр Болатқызы - кинопродюсер, режиссер,сценарист. 1966 жылы 6 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Алматықаласындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. Мәскеу қаласындағыБүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетіндебілім алған, кейін атақты СССР кинорежиссері Татьяна Лиознованыңтәлімгерлігінен өткен. АҚШ-тың Феникс қаласындағы университеттердің біріндеқосымша кәсіптік білім алған. Философия ғылымдарының кандидаты.