Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік филармонияның «Әлем» заманауи би театры мен «Наз» мемлекеттік би театрының бишілері VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бішкекке барған.
— Біз бүгін таңертеңнен бері ұйықтаған жоқпыз. Қай жерде болсақ та, сайлау күні елімізді қолдауды шештік. Құрылтай бізге жақсылық әкелсін, — деді «Наз» би театрының директоры Айдана Байрабекова.
Жастар қауымдастығының өкілі және «Наз» мемлекеттік би театрының әртісі Гүлдана Қадырова дауыс беруге не үшін келгенін түсіндірді.
— Басқа елде болғанымызға қарамастан, біз халқымыз бен еліміз үшін дауыс беруді шештік. Әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды. Біз өз үлесімізді қосу үшін сайлау учаскесіне келдік, — деді ол.
Әлемнің 40-тан астам елінде Құрылтай депутаттарын сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.
Бельгиядағы сайлау учаскесінде шашу шашылды.