Марапатты қазақстандық бітімгерлерге БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштерінің (UNDOF) қолбасшысы генерал-майор Анита Асма табыстады.
Медальдар әскери қызметшілердің жоғары кәсіби шеберлігін, жүктелген міндеттерді адал атқарғанын және өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болды.
Айта кетейік, Қазақстан Қарулы Күштерінің 11 әскери қызметшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы уақытша күштері (UNIFIL) миссиясының құрамында бітімгерлік қызмет атқару үшін Ливанға шілдеде аттанған болатын. Олар Ливанның оңтүстік бөлігінде Үндістан әскери контингентінің құрамында қызмет етіп жатыр.
Кейін БҰҰ-ның Ливандағы UNIFIL базасында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді.