Отандық инвесторлар бір айда Өзбекстанда 20-дан астам компания құрды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ұлттық статистика комитетінің 1 шілдедегі есебіне сай, Өзбекстанда шетелдік капиталмен 20 мыңнан астам компания жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Kazinform

Көршілес елде қытайлық кәсіпорындардың үлесі басым. Маусымнан бері олардың қатары 239-ға көбейіп, жалпы саны 6 060-қа жетті.

Одан кейін 3 454 компаниямен Ресей тұр. Үштікті Түркия түйіндейді. Аталған елдің кәсіпкерлері Өзбекстанда жалпы саны 2 293 кәсіпорын құрған.

Сонымен қатар қазақстандық инвесторлардың да белсендігілі байқалады. Атап айтқанда, маусымнан шілдеге дейін, яғни бір айда біздің ел Өзбекстанда 24 кәсіпорын ашты. Осылайша, қазір ресми Ташкентте қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 1 307-ге теңелді.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейгенін жазып едік.

Сондай-ақ, биыл үш айда Қазақстаннан Өзбекстанға бағытталған ақша аударымдары 155 млн доллардан асты.

Бүған дейін хабаралғанымыздай, қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты