Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің финалына шықты

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалына жолдама алды.Қазақстандық жұп бұл жарыста 4-ракетка болып тіркелген еді. 

Асылжан мен Іңкәр жартылай финалда осы доданың 1-ракеткалары, жапониялықтар Нанари Катсуми мен Ринко Мацудаға қарсы келді.

Бірінші партияда жапониялық жұп басымдылық танытты — 6:4.

Бұдан кейін қазақстандықтар азулы қарсыластарын тығырыққа тіреп, камбэк жасай білді — 6:4, 10:7.

Осылайша, Асылжан мен Іңкәр соңғы бәсекеде чемпиондық атақ үшін кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова ресейлік Элина Неплиймен бірге Нью-Дели (Үндістан) ITF W35 жарысының финалынан шет қалды. Олар жартылай финалда үндістандықтар Ваидехи Чаудхари — Зил Десаиға жол берді — 2:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Үндістандағы турнирде бір күнде екі ойынды жеңіспен түйіндегенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің жартылай финалына өтті.