Қазақстандық кадеттер дзюдодан Азия чемпионатын 4 алтын медальмен қорытындылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тайбэйде дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдофедерациясы мәлім еткеніндей, құрлық біріншілігіне 17 елден 200-ге жуық дзюдошықатысып, бақ сынады.

Қазақстандықкадеттер 4 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалықесепте бірінші орынға ие болды.

Атапайтқанда, Әлима Жұмағалиева (40 кг), Нұрқанат Серікбаев (50 кг), ТілегенТынарбай (66 кг) және Айдар Арапов (81 кг) чемпион атанды.

Алсоңғы бәсекеде ғана қарсыласына есе жіберген Серікбол Естай (73 кг) күмісжүлдеге ие болды.

АсланЛес (55 кг), Мәрлен Әділ (60 кг), Диана Буркеева (44 кг), Балнұр Әбдешова (48кг), Аружан Ережепова (48 кг), Мухаммедали Мавлидов (81 кг), ЖұрқамырзаШүкірбеков (+90 кг), Шапағат Дәулет (57 кг), Мәдина Парагулгова (+70 кг) жәнеКарина Такиева (+70 кг) үздік үштікке ілігіп, қола медальмен марапатталды.

Ескесала кетейік, бұдан бұрын Загребтегі Гран-при турнирінде Галбадрахтың жеңімпазатанғанын, қазақстандық кадеттердің Азия чемпионатының алғашқы күні 3 алтын, 5қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.