Қазақстандық сейсмологтар Пәкістандағы жер сілкінісін тіркеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 5 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 9:06-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Photo: images1.ynet.co.il.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 965 шақырым қашықтықта Пәкістан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 11.4. MPV магнитудасы - 5,2. Эпицентр координаттары 35,06° с.ш 73,01°. Тереңдігі - 30 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.