Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің ширек финалына өтті

Фото: Photo: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италияда Турин челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Анри Паттенмен өткізді.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық-украиналық жұп 7:6 (7:2), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті.

А.Голубев пен Д.Молчанов 2 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыластары 9 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстандық-украиналық дуэт жартылай финалға шығу үшін аргентиналық Себастьян Баес – бразилиялық Тьяго Уайлдпен таласады.

Осы жарыста тағы бір қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Ролан Гаррос турниріне дайындалып жатырғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Париж жарысының жартылай финалына өтті.

Елена Рыбакина Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты. Ол бірінші ракеткамен тағы кездескісі келетінін айтты.

Е.Рыбакина мастерс турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемде үздік атанғанын да жазған едік.


Соңғы жаңалықтар