НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таиландтағы ITF W25 Chiang Rai 2 турнирінде жұптық сында өнер көрсеткен қазақстандық Гөзал Айнитдинова чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Г.Айнитдинова ресейлік Мария Тимофеевамен бірге төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.
Қазақстандық-ресейлік жұп финалда жапониялық Момоко Кобори – таиландтық Луксика Кумхуммен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда жапониялық-таиландтық жұп 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде Айнитдинова мен Тимофеева есе қайырды – 7:5. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:4.
Г.Айнитдинова осы додада жекелей сында ширек финалға дейін жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шыққанын, Қазақстан – Германия матчының мәреге жеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Елена Рыбакина қазақстандықтардың кубог финалына шығуына қатысты пікір білдіре келе, бұл теннисшілеріміздің тарихи жеңісі екенін айтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).