Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Канзас штатының Уичито қаласында өтіп жатқан ITF M25 жарысында Д.Евсеев пен Б.Жукаев жұптық сында ширек финалға шықты.
Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін америкалықтар Александр Ричардс – Авери Заваламен өткізіп, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Д.Евсеев пен Б.Жукаев жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін ұлыбританиялық Дэвид Фокс – жапониялық Сюити Секигутимен таласады.
Қазақстандық теннисшілер жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. Бейбіт алғашқы айналымда канадалық Джошуа Лападатаны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Оның келесі қарсыласы – америкалық Ноа Чаттер. Денис тағы бір америкалық Джошуа Шехиден айласын асырды – 6:4, 6:4.
Д.Евсеев екінші айналымда америкалық Райан Шейнмен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты.